телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » Халықаралық Мегаполистер олимпиадасы

Халықаралық Мегаполистер олимпиадасы

Халықаралық Мегаполистер олимпиадасы - бұл жыл сайын Мәскеуде өткізілетін халықаралық командалық жарыс. Оған әлемнің ірі қалаларында тұратын 14-18 жастағы балалар қатысады. Әр қала сегіз қатысушыдан тұратын команда ұсынады. Олар физика, химия, математика және информатика пәндерінен білімдерін сынайды. Жарыс блиц-турдан және екі негізгі турдан тұрады. 
2020 жылдың 16-19 желтоқсан аралығында Халықаралық V Мегаполистер олимпиадасы онлайн форматта өтті. Олимпиадаға әлемнің ірі қалаларынан 31 команда бақ сынады. Алматы қаласынан 8 оқушыдан тұратын бір команда қатысты. ӘР пән бойынша екі оқушы және бір жетекші тағайындалды. Химия пәні бойынша эксперименттік кезең Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Химия және химиялық технологиялар факультетінде өтті. Қатысушыларға жеңіс тілейміз!
20-12-2020, 15:42 / Ақпарат / Олимпиады

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

up