телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» атты қалалық Мұқағали оқуларының қортындысы

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» атты қалалық Мұқағали оқуларының қортындысы


Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» атты қалалық Мұқағали оқуларының қортындысы.


Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының жоспарына сәйкес және ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру мақсатында 09-19 ақпан күндері онлайн режимінде өткізу нұсқаулығы негізінде Zoom платформасында өтті. Байқау мектепке дейінгі тәрбие (балабақша) және бастауыш, 5-7 сынып оқушылары, қазақ тілінде білім беретін орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру студенттері, орыс тілінде білім алатын орта білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

Мұқағали оқуларының жеңімпаздарымен жүлдегерлері «Алматы дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқауға барлығы 2229 оқушы қатысты. Оның ішінде I дәрежелі дипломмен -73 қатысушы, II дәрежелі дипломмен – 143 қатысушы, III дәрежелі дипломмен – 176 қатысушы марапатталды. 

Жүлделі орындардың саны бойынша аудандардың көрсеткіштері төмендегідей болды: 

- Алмалы ауданы – 261 қатысушының 46 (23%) жүлдегер,

- Бостандық ауданы – 252 қатысушының 58 (23%) жүлдегер,

- Түрксіб ауданы – 120 қатысушының 28 (23%) жүлдегер,

- Наурызбай ауданы – 112 қатысушының 24 (21%) жүлдегер,

- Жетісу ауданы – 317 қатысушының 58 (18%) жүлдегер,

- Медеу ауданы – 275 қатысушының 49 (18%) жүлдегер,

- Әуезов ауданы – 463 қатысушының 73 (16%) жүлдегер,

- Алатау ауданы –  428 қатысушының 53 (12%) жүлдегер.


Әділ-қазылық жасаған жоғары санатты, білікті ғалым-ұстаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Байқаудың протоколдары: 
1234-synyp.pdf [1,91 Mb] (cкачиваний: 1101)
Посмотреть онлайн файл: 1234-synyp.pdf
567-synyp.pdf [1,34 Mb] (cкачиваний: 756)
Посмотреть онлайн файл: 567-synyp.pdf
5678910-synyp.pdf [1,77 Mb] (cкачиваний: 656)
Посмотреть онлайн файл: 5678910-synyp.pdf
8-11-synyp.pdf [300,45 Kb] (cкачиваний: 467)
Посмотреть онлайн файл: 8-11-synyp.pdf
balabasha.pdf [555,42 Kb] (cкачиваний: 365)
Посмотреть онлайн файл: balabasha.pdf
4-03-2021, 11:58 / Ақпарат / Байқаулар- Конкурсы

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Нагима
Гости
4 марта 2021 12:42
0
сәлеметсіздер ме МЕН ТУРКІСІБ АУДАНЫнан ҚАТЫСҚАН БАЛАНЫҢ АНАСЫМЫН

 Алматы Дарыны Орталығы,

 ӘДІЛЕТСІЗДІК!!!!!!

 МЕНІҢ БАЛАМ КУН-ТУН ДЕМЕСТЕН ДАЙЫНДАЛДЫ,ҰМЫТПАСТАН , БАР ЖАНЫМЕН МӘНЕРЛЕП ОҚЫП БЕРДІ ТАҢНАН КЕШКЕ ДЕЙІН КУТКЕНІІМІЗ ДЕ БАР. ТҮСІНЕМ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ СОНЫНДА ӨТЕ ШАРШАП ОТЫРДЫ БІРАҚ БАСТАРЫН БҰРЫП КАРАҒАН ДА ЖОК МЕНІҢ БАЛАМ ОҚЫП ЖАТҚАНДА,БАЛАНЫҢ НЕ КІНАСІ БАР ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШАРШАУЫНДА!!!

ТҮРКІСІБ АУДАНЫН СОҢЫНА КОЙҒАН ӨЗДЕРІҢІЗ!!!!

БАЛА ДА ШАРШЩАДЫ БІРАК МЕН ШАРШАДЫМ ДЕП МІНЕЗ КӨРСЕТПЕСТЕН ОКЫП БЕРДІ,СІЗДЕРДІҢ ТАРАПТАН ТЕК БІР БІРЛЕРІҢІЗБЕН,СӨЙЛЕСІП ОТЫРҒАНДАРЫҢЫЗДЫ ҒАНА КӨРГЕМ БІРАҚ СОНДА ДА ҮМІТ БОЛҒАН ЕДІ, бала оқып жатқанда карамаса да тыңдаған болар деген,қазылар алқасы қараған да,тыңдаған да жок ДЕМЕК !!!!!!!

МҰНДАЙ БАЙКАУ УЙЫМДАСТЫРМАЙ АК КОЙЫНЫзДАР!!!!

МОРАЛЬДІ ТҰРҒЫДА ЗИЯН КЕЛТІРЛДІҢІЗДЕР

 ТЫРЫСЫП ДАЙЫНДАЛҒАН БАЛАҒКА ДА КӨПБАЛАЛЫ АНАНЫҢ ДА ЕҢБЕГІН ДЕ  ЕШ ҚЫЛДЫҢЫЗДАР!!!!!
Әділдік керек
4 марта 2021 17:49
0
Әлілетсіз өтті!Әділ қазыдан сөйлеп қалған әйел адам отырды,шаршадыма онда отырмасын!1ақ куплетін айтқызвп болды болды децді. Не ұқты 1 шумақтан?Балам 1,5сағат отырды күтіп кезегін. Айтса тыңдаған жоқ. Қағаздарын сапырып,сөйлесіп отырды.Балам сіздерден орын алмаса да басқа байқаудан дәл осы өлеңмен бас жүлде алды!Ендігәрі қатыстырмаймын!Қайран уақыт,үміт...
Алия Аскаровна
Алия Аскаровна
Гости
4 марта 2021 18:15
0
Cәлеметсіздерме. Алматы Дарыны ұжымы. Конкурс әділетсіз өтті. Ұйымдастырылуы өте нашар. Бала өлең оқып отырғанда КЕДЕРГІЛЕР КӨП БОЛДЫ.  Әділ-қазылар шаршап отырды ма , түсініксіз... Артық сөздер болды. Шу болды.
Алдымен мектепішілік
Ауданішілік
содан соң ғана қалаға шығару керек еді балаларды.
Айжан
Гости
4 марта 2021 18:25
0
100%әділетсіз өтті.Қайран еңбек.Мұндай әділетсіздікті көрген баланың тауы шағылмай ма?Шын дарындарды бағалау керек қой.
Ата-ана Жумакожа Жанагуль
4 марта 2021 21:20
0
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Алматы - Дарыны ұйымдастырған байқаудың қалалық кезеңі өте жоғары деңгейде өткеніне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Сайысқа қатысқан оқушылар іс - шараның үздік деңгейде өткеніне риза болып, көңілді оралды ата - ана ретінде менде ұйымдастырушыларға және әділ қазы алқасына өзімнің алғысымды білдіре отырып, еңбектеріңіз еселене берсін деймін. Оқушыларға осындай жоғары     деңгейде байқаулар ұйымдастырып жастар арасында Мұқағали ілімін дәріптеп өз үлестеріңізді қосып жүргендеріңіз үшін көп рақмет. Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілейміз
БАЛЖАН АҚЫЛБЕК
4 марта 2021 21:56
0
ХАН ТӘҢІРІ МҰЗБАЛАҒЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ОСЫНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКЕНІ ҚУАНТАДЫ.ҰЙЫМДАСТЫРЫП ОТЫРҒАН ҰЖЫМ АЛҚАСЫНА МЫҢ АЛҒЫС!!! ӘР ҚАЗАҚ "МҰҚАҒАЛИ" ДЕГЕНДЕ БІР ӨЛЕҢ ОҚЫМАСА БОЛМАЙТЫНЫН,БИЫЛҒЫ ҚАТЫСУШЫЛАР ЛЕГІНІҢ КӨПТІГІНЕН БІЛУГЕ БОЛАДЫ.НАҒЫЗ ТОЙЫ ОСЫ. НАҒЫЗ ДӘРІПТЕУ ОСЫ. ЖАРЫС БОЛҒАННАН КЕЙІН БІРІНДЕ БАҚ, БІРІНДЕ БАП ШАБАДЫ. ДЕСЕ ДЕ ОСЫНДАЙ ЖАРЫСҚА ОҚУШЫЛАРЫМНЫҢ ҚАТЫСУЫ,  МЕМЛЕКЕТТІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТОЙЛАНУҒА ЕТКЕН БІР ҮЛЕСІ ДЕП САНАЙМЫН! ОСЫНДАЙ ЖАРЫСТАР КӨПТЕП БОЛА БЕРСІН!  ӨЛЕҢ ЖАТТАУ АРҚЫЛЫ АҚЫНДЫ ТАНИМЫЗ,  ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІМІЗ ЖАҚСАРАДЫ,  СӨЗДІК ҚОР МЕН СӨЗ САПТАУ ЖАҚСАРАДЫ. 
Гаухар
Гости
4 марта 2021 21:58
0
Алматы-дарыны ұйымдастырған Мұқағали Мақатаев оқуларының өте әділ,өте жоғары деңгейде өткеніне куә болдым. Әрине , байқауға оқушылар өте көп қатысты. Бұл болашак ұрпактың М Мақатаевтын шығармаларын сүйіп оқитын жастардын бар екенінін бірден-бір дәлелі. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, әділ-казыларда әділ бағасын берді. Еңбектерініз жана берсін. Рахмет 
Раушан
Гости
4 марта 2021 22:00
0
Сәлеметсіздер ме Алматы Дарыны ужымы!.Қызым,Аламбаева Айлы 4сынып 137мектеп жақсы айтып шықты,неге багаламадыңыздар.жок дегенде сонгы орын алатындай айтты ғой.
Назира
Гости
4 марта 2021 22:28
0
Мен Ата-ана ретінде Алматы  дарыны ұйымдастырған Мақатаев оқуларына өз ризашылығымды білдіргім келеді ия, орын Алмадық , бірақ осындай нағыз оқулардын қалай өтетінін түсіндік осындай зиялы қауымның алдына шығып баламның оз өнерін көрсеткеніне ризамыз Келесі жылы қатысып, біз орын алуға тырысамыз! Сіздерге, ұйымдастырушыларға , әділ қазыларға үлкен рахмет . 
АТА-АНА МЕРУЕРТ
4 марта 2021 22:28
0
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына менің қызым қатысты. Екінші орынды иеленді.Әуелі бұл жетістік қызымның талабы, ұстаздардың дайындаған еңбегі және әділ бағалаған әділқазылардың арқасында. Ақынымыздың мұрасын жылдан жылға дәріптей берейік!  Шын жүректен алғыс айтамын сіздерге! 
Нұргүл
Гости
4 марта 2021 22:29
0

 Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Алматы - Дарыны ұйымдастырған байқаудың қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.Әділ қазылар балалар дайындаған өлендерін толық тыңдады.Осы іс - шараны ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін.
Марияш
Гости
4 марта 2021 22:59
0
Қазақтың мұзбалақ ақыны өз заманында лайықты бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақын. Оған дәлел "Алматы Дарыны" ұйымдастырған  Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар,...» атты байқаудың өткізілуі. Байқау өте жоғары деңгейде, әділ өтті. Қалалық байқауға қатысқан оқушылар ақиық ақынның өлеңін қалай сүйіп оқитындарын көрсетті. Міне, мәртебесі өсті деген осы емес пе?! Жастар арасында ақындарымыздың мәртебесін асқақтататын осындай байқаулар көп болса екен. Ұйымдастырушы " Алматы Дарыны " ұжымына рақметімді айта отырып, шығармашылық табыс тілеймін!
Айнур
Гости
4 марта 2021 23:17
0
Өлеңге әргімнің-ақ бар таласы.- демекші бұл байқауға қатысудын өзін жеңіс деп білеміз , Сүрінбейтін тұйак жок дегендей , ия біз жаңылысып та қалдық бірақ әділ-қазылардында айтқан пікіріне қосыламыз Шаяхмет атанын:(жап жаксы бастадын , неге шатасып қалдын ) деген пікіріне де қосыламыз бірақ біз бұл аталы сөздердін барлығына да рахмет айта отырып , келесі жолы бұданда жақсы дайыңдықпен келеміз деп сөз береміз сіздерге көп рахмет 
Багдат Мукатаевна
5 марта 2021 00:00
0
09-19.02.2021. күндері аралығында "Алматы-Дарыны"орталығының дарынды да, талантты балаларды анықтау мақсатыныда "Ғасыр ақыны" атанған М. Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар ..." атты байқаудың қалалық кезеңі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғысымыз шексіз.
Жарысып аққан бұлақтай, жайқалып өскен құрақтай болған жас балғындардың өнеріне риза болдық. Осы балғындардың өнерін бағалап, әспеттеп, ақиқатты айтып, әділ бағасын беріп отырған Шаяхмет Имашұлы мен Жұмаш Кенебай абыз ақындардың да еңбектерін көріп, ризашылығымды білдіргім келеді. Олар - өмірге, өлеңге ғашық жандар. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыздың өнегелі сөзіне ниет қоса отырып, талантты ұл-қыздарымыз көп болсын, шығармашылық жолы шыңдалып, өлең өлкесіне басқан қадамдары сәтті болсын дегім келеді. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет. Еңбектеріңіз еселене берсін, шығармашылық табыс тілеймін. 
Назерке
Гости
5 марта 2021 15:09
0
Алматы дарыны ұжымына үлкен алғыс білдіремін
Гулназ Закиряева
9 марта 2021 17:19
0
Сәлеметсіздер ме!

Марапат қағаздарын қашан бересіздер?
Динара Есенғалиқызы
10 марта 2021 12:18
0
Сәлеметсіздер ме! Байқау үшін рақмет! Мақтау қағаздарын қашан алуға болады???
up