телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » «Ұлы дала жыршысы» атты байқауының қорытындысы

«Ұлы дала жыршысы» атты байқауының қорытындысы


2021 жылы 20-21 сәуір күндері Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына сәйкес «Ұлы дала жыршысы» атты мектеп оқушыларының  арасында байқау өткізді. 

Байқаудың негізгі мақсаты: 

  • Ж. Жабаевтың шығармашылығымен толық танысу арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілу;
  • Жыр алыбы - Жамбылдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Қала көлемінде дарынды оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру және және дамытуға ықпал ету.

Байқау жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қалалық кезеңге 46 оқушы қатысты. 

Қалалық кезеңнің жеңімпаздары «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтың I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Байқаудың қалалық кезеңінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Қалалық кезеңде 3 оқушы І орын, 6 оқушы ІІ орын, 9 оқушы ІІІ орынмен марапатталды:  

І орын - Мұратбекова Айзада (№ 108 ЖББМ, 10 сынып); Калымжан Аяулым (№152 МГ, 9 сынып); Жамятов Казбек (№26 ЖББМ, 8 сынып).

ІІ орын - Егізбай Жанерке (№179 ЖББМ, 10 сынып); Бисен Таңнұрым (№140 Г, 10 сынып); Жандосұлы Бақдәулет (№140 Г, 9 сынып); Дәуренұлы Рамазан (№ 110 МГ, 9 сынып); Саят Айым (№200 МГ, 8 сыны); Жайырбек Зере (№ 162 МГ, 8 сынып).

ІІІ орын - Дәуренұлы Айдын (№182 ЖББМ, 10 сынып); Купеш Аружан (№ 93 ЖББМ, 10 сынып); Кишлярова Айсауле (№24 Л, 10 сынып); Сартаева Ақнұр (№175 Г, 9 сынып); Төкен Гүлназ (№ 53 МГ, 9 сынып); Анарқұл Аружан (№143 МЛ, 9 сынып); Салиева Айша (№86 МГ, 8 сынып); Бейсбаева Дана (№161 Л, 8 сынып); Темиртасова Асылы (№148 МГ, 8 сынып).










21-04-2021, 16:17 / Ақпарат / Байқаулар- Конкурсы

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Арайлым
Гости
29 апреля 2021 18:12
0
Сәлеметсіздер. Алғыс хатты қашан, қалай аламыз? 
up