телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » XV халықаралық «Математика және жобалау» конкурсының қорытындысы

XV халықаралық «Математика және жобалау» конкурсының қорытындысы

XV халықаралық «Математика және жобалау» конкурсының қорытындысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3-5 мамыр аралығында Мәскеу қаласында XV халықаралық «Математика және жобалау» конкурсы онлайн режимінде өтті. Әділ-қазы мүшелерінің бақылауымен қатысушылар қашықтан өз жұмыстарын қорғады. Конкурсқа қатысушылар - Ресей Федерациясының жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарының және шет мемлекеттердің оқу орындарының тиісті сыныптарының (курстарының) студенттері.
Конкурстың негізгі мақсаты:
- оқушылардың математика пәніне зерттеу және жобалық жұмысына қызығушылығын дамыту;
- дарынды оқушыларды анықтап, дамыту және қолдау;
- математика және информатика пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;
- математика және информатика пәнінен бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру;
- оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерін дамыту.
Конкурс жұмыстары төмендегі номинацияларды қамтыды:
- Табиғаттағы және қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері
- Геометриялық нобайлар
- Математика және өнер
- Математика тарихы
- Математика ғылымы
- Электрондық тақырыптық журнал
- Қаржы математикасы
- Ақпаратты қорғау саласындағы математика
- Кәсіптік-бағдарланған есептерді шешу үшін математикалық әдістерді пайдалану (Кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушылар үшін)
- Желілік зерттеу жобалары
- Кәсіби қызметтегі Математика (студенттер үшін)
Аталмыш конкурсқа Алматы қаласынан сегіз оқушы қатысып, бес жүлделі орын иеленді. І орынды - №12 мамандандырылған гимназияның 10-сынып оқушысы – Елетай Расул, №54 лицейдің 9-сынып оқушысы Ямбаева Анна, №54 лицейдің 9-сынып оқушысы Цой Лолита. ІІІ орынды - №173 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Ғалымбек Фараби, №184 ЖББМ-нің 9 сынып оқушысы Айтахунова Саадят.
13-05-2021, 17:39 / Ақпарат / Байқаулар- Конкурсы

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Дәулет Гүлзихан
14 мая 2021 12:57
0
Толығын қалай көруге болады?
up