телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » Республикалық олимпиаданың марапаттау салтанаты

Республикалық олимпиаданың марапаттау салтанаты

Міне, бүгін республикалық олимпиада ойдағыдай аяқталып, «Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар» озатын сайыста биік белестерді бағындырған талантты оқушыларды  марапаттау салтанаты Алматы қаласы Оқушылар сарайында болып өтті.
Алматы қаласы республикалық олимпиада көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды. Бұл тек балалардың ғана емес, оларды дайындаған ата-аналар мен мұғалімдердің де еңбегі. 
Алғашқы құттықтау сөз Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлына берілді. Ел аумағында бір мезетте ұйымдастырылған марапаттау рәсіміне zoom бағдарламасы арқылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы қатысып, дарынды оқушыларды құттықтады. Министр әрқашан оқушыларға қолдау көрсетіп, сенім білдіретінін айтып, сонымен қатар оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу барысында тынымсыз еңбек еткен ұстаздарға алғысын айтты. Сонымен қатар қиын кезде балаларына тіреу бола білген ата-аналардың да еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті. 
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қайрат Ізбасарұлы оқушыларды жеңістерімен құттықтап, төмендегі оқушыларды дипломдармен марапаттады:
1. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы №159 гимназияның 10-сынып оқушысы ПАРИМБЕКОВА МАДИНА марапатталды. 
2. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы №90 мамандандырылған лицейдің  11-сынып оқушысы АБДУЛХАТ ТОМИРИС марапатталды. 
3. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы №165 мамандандырылған лицейдің  11-сынып оқушысы РАМАЗАН ИЛАН марапатталды. 
4. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы №12 мамандандырылған гимназияның  11-сынып оқушысы АЙМБЕТОВ МИРАС марапатталды. 
5. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы №161 лицейдің  11-сынып оқушысы АЗИМБАЕВА АНЭЛЬ марапатталды. 
6. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін өзін-өзі тану пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы № 53 мектеп-гимназиясының  11-сынып оқушысы ЖУМАДИЛЬДАЕВА АРУЖАН марапатталды. 
7. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін физика пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы «Хэйлибери» мектебінің 11-сынып оқушысы ХАЙДАР ОРАЗХАН марапатталды. 
8. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін химия пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы «Galaxy» халықаралық мектебінің  11-сынып оқушысы ТУРУСБЕКОВА АЙГЕРІМ марапатталды. 
9. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін биология пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушысы ЕРНАЗАРОВ БАҚДӘУЛЕТ марапатталды. 
10. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін биология пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы АЙТЖАН АЛИБЕК марапатталды. 
11. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін биология пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Мамандандырылған Білім-инновация қыз балалар лицейінің 11-сынып оқушысы ДИАСОВА АНСАЛЬ марапатталды. 
12. Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін информатика пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы №165 мамандандырылған лицейдің  9-сынып оқушысы ҚОРҒАНБАЕВ ТАЙМАС марапатталды. 
13.  Алтын медальмен және 1-дәрежелі дипломмен марапаттау үшін география пәні бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы №198 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы ГАБДУЛИНА ДАНА марапатталды. 
Құрметті оқушылар сіздердің адал білімдеріңіз үшін, еңбекқорлықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Мұнымен тоқтамай, жаңа жетістіктер мен жеңістерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!



20-05-2021, 14:45 / Ақпарат / Мерекелік шаралар - Мероприятия

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

up