телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » XIV Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қалалық кезеңі

XIV Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қалалық кезеңі

XIV Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қалалық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы XIV Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қалалық кезеңін өткізуде. 
  Қалалық кезеңге үздік шыққан 16 команда (қазақ тілінде оқытатын мектептен -8, орыс тілінде оқытатын мектептен -8 оқушы) қатысуда.  Алатау ауданынан -№169МЛ, №184 ЖББМ, Алмалы ауданынан - №90МЛ, №67 ЖББМ, Әуезов ауданынан - №27, №123, Бостандық ауданынан - №94 МГ, №140 МГ, Жетісу ауданынан - №108, №110 МГ, Медеу ауданынан - №28 МЛ, №163МЛ, Наурызбай ауданынан - №174 МГ, №186, Түрксіб ауданынан - №78 МГ, №115 ЖББМ мектеп оқушылары.  Командалар қазақ және орыс сыныптар арасында іріктеліп 2-4 сынып оқушыларынан құралған.
  Қалалық кезең  ІІ турдан тұрады; І туры  «Әу, баста», «Асық» командалық сынақ, ІІ туры «Математикалық бәйге» жеке сынақ. Турнирге математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды оқушылар қатысуда.  
 Қорытынды Республикалық кезеңге Алматы қаласынан екі команда  (қазақ тілінде оқытатын мектептен-1 команда, орыс тілінде оқытатын мектептен -1 команда) қатыса алады. Қатысушыларға сәттілік серік болсын!
28-05-2021, 15:05 / Ақпарат / Олимпиады

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

up