телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » » «Электроника және Smart технологиялар негіздері туралы» қалалық семинар

«Электроника және Smart технологиялар негіздері туралы» қалалық семинар

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында «Электроника және Smart технологиялар негіздері туралы» қалалық семинар өткізілді. Семинарда орталық директоры А.Ж.Қасымбек қоғам мен мемлекеттің барлық саласында жоғары технологияларды енгізу және цифрландыру процесі белсенді түрде жүріп жатқанын, олардың білім беру жүйесімен тікелей байланысты екенін, сондықтан бәсекеге қабілетті, мықты патриоттық және белсенді тұлғаны қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталатынын өз сөзінде атап өтті.
Семинарға мектеп, колледж және оқушылар сарайының мұғалімдері қатысты. № 92 мамандандырылған лицейдің директоры Е.А.Жиенбаев «Электроника және Smart технологиялар негіздері бойынша қашықтықтан олимпиада өткізу туралы» ережені қатысушылар назарына талқылауға ұсынды. Қашықтық олимпиаданың мақсаты:
- жоғары инновациялық технологиялар мен инженерлік әзірлемелерді өндіруге оқушылардың қызығушылығын дамыту;
- білім және ғылым саласында енгізу және цифрландыру процесінде оқушылардың ынтасын арттыру.
Семинар барысында радиотехника және электроника бойынша олимпиада өткізудің жобалық үлгісін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторы М.К.Ибрагимов презентация ұсынды.
Қатысушылар олимпиада жобасын қолдап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ынтымақтастығымыз өз жемісін береді деп сенеміз!
-----------------------------------------------------
В центре по выявлению и поддержке одаренных детей и талантливой молодежи «Алматы дарыны» управления образования города Алматы проведен городской семинар «Основы электроники и Smart технологий». На семинаре директор Центра А.Ж.Қасымбек отметила, что во всех сферах общества и государства активно идет процесс внедрения и цифровизации высоких технологий напрямую связан с системой образования, поэтому формирование конкурентоспособной, сильной патриотической и активной личности начинается со школьной скамьи.
В семинаре приняли участие учителя школ, колледжей и дворца школьников. Директор специализированного лицея №92 Е.А.Жиенбаев представил на обсуждение положение о проведении дистанционной олимпиады по основам электроники и Smart технологий.
Цель дистанционной олимпиады:
- развитие интереса учащихся к производству высоких инновационных технологий и инженерных разработок;
- повышение мотивации учащихся в процессе внедрения и цифровизации в сфере образования и науки.
В ходе семинара доктор PhD Казахского Национального университета им. аль-Фараби М.К.Ибрагимов презентовал проектную модель олимпиады по радиотехнике и электронике.
Участники поддержали проект олимпиады и выразили благодарность организаторам. Надеемся, что наше сотрудничество даст свои плоды!
21-10-2020, 13:20 / Байқаулар- Конкурсы

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

up