Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының жоспарына сәйкес 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында 14-15 желтоқсан күндері 5-8 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ағаш шебері» қалалық көрме-конкурсын өткізді.
Көрмеге орта білім беру ұйымдарынан - 59 оқушы және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 5 колледж студенттері қатысты. Қатысушылар ағаштан жасалған бұйымдарды қазақ салт-дәстүрімен байланыстырып, қазақ ұлтының әдет-ғұрыптарын бейнелеген.
Көрме-конкурстың бағыты: қолдан жасалған ағаш бұйымдары: ыдыстар, аспаптар, құралдар т.б.
Көрменің мақсаты: бүгінгі күннің қажеттілігі – кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету. Оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу, эстетикалық талғамдарын дамыту, күнделікті тұрмыста бұйымды өтімді пайдалану, өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру. Әділқазылар алқасы барлық жұмыспен танысып жеңімпаздарды анықтады. Жүлделі орындар саны І орын – 1. ІІ орын -2, ІІІ орын- 5.
І орын -Гринь Артём №61 ЖББМ
ІІ орын - Нүкетай Алдияр №169 мектеп-лицей
ІІ орын -Ташкен Нұрсұлтан №187ЖББМ
ІІІ орын - Шамантаев Артур №171 ЖББМ
ІІІ орын- Аубакиров Алишер №126 мектеп-лицей
ІІІ орын -Артаев Арнұр №145 ЖББМ
ІІІ орын -Турлыбек Ермұрат №171 ЖББМ
ІІІ орын -Адилбеков Султан №19 ЖББМ
Студенттер арасындағы «Ағаш шебері» көрме-конкурсының жеңімпаздары
І орын – Елубай Әлмерек АҚжХКК 2 курс студенті
ІІ орын - Табыл Ұшқын Алматы көпсалалы колледжі 2 курс студенті
ІІІ орын - Хамраев Мухиддин Алматы құрылыс-техникалық колледжі 2 курс студенті
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. жетекшілерге алғыс хат беріледі.



