телефон
+7(727) 2-55-83-05
Алматы
Сейфуллин даңғылы, 597
E-mail
аlmaty.daryny@mail.ru
Jeke kabinet
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ»
» » » «Отбасылық күндер» атты қалалық байқау

«Отбасылық күндер» атты қалалық байқау



АББ басшыларына


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына


          «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» 2020 жылғы  27 сәуір мен 12 мамыр аралығында қашықтықтан "Отбасылық күндер" атты қалалық  байқауын өткізеді. Байқауға 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары қатыса алады.                                         

        Ересек пен баланың ортақ шығармашылық іспен айналысу сәттегі 3-4 минутқа  дейінгі бейнероликті  түсіріп, @almatydaryny  инстаграм  парақшасын  белгілей отырып,  номинацияның атауы, баланың аты-жөні, балабақша атауы, ауданы көрсетілген бейне сипаттама жасау қажет.

Байқаудың қорытындысы инстаграм желісінде лайк жинау арқылы өтеді. Жеңімпаз отбасылар I, II, III дәрежелі дипломдар, сертификаттарға және демеушілердің атынан сыйлықтарға ие болады.

Қосымша: 4 бет.



          Директордың м.а.                                                                  А. Касымбекова 















Орынд: Кусаинова Қ.Б.

Ұялы.тел.: 87086626525

«Бекітемін»

                                               «Алматы дарыны» дарынды

балалар мен талантты жастарды

анықтау және қолдау жөніндегі

орталығы директордың м.а.                                                                                                                                                                 __________ А. Қасымбекова

                                                                «____» __________ 2020 жыл


«Отбасылық күндер» атты қалалық байқау

 

       Алматы қаласы Білім басқармасының ««Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» 2020 жылғы 27 сәуір мен 12 мамыр аралығында қашықтықтан "Отбасылық күндер" атты қалалық  байқау жариялайды.

Кім қатыса алады?

 - 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары (әжелер, аталар, тәтелер, ағалар, інілер, әпке-сіңілілер).

 Не істеу керек?

 - ересек пен баланың ортақ шығармашылық іспен айналысу сәттегі 3-4 минутқа  дейінгі бейнероликті  түсіріп, инстаграм желісіне @almatydaryny   парақшасын  белгілей отырып,  номинацияның атауы, баланың аты-жөні, балабақша атауы, ауданы көрсетілген бейне сипаттама жасау қажет.
 
 

Қандай номинациялар?

  1. «Отбасылық құндылықтар». Мұнда барлық отбасы мүшелерінің немесе оның көп бөлігінің қатысуымен отбасы өмірінің кез келген сәттерін көрсетуге болады. Отбасылық дәстүр қандай қасиеттерге үйретеді?
  2. «Біздің қамал». Бала мен ата-ана қолда бар құралдар мен материалдардан қамал салады. Бала өз әсерлерімен бөліседі, оған құрылыс процесінде не ұнағаны және ол өз бекінісін не үшін салғаны туралы айтады.
  3.  «Кішкентай дәрігер». Бала дәрігер ретінде. Ата-аналар ем алушы рөлін атқарады немесе керісінше. Баланың қиялына ерік беріңіз және сіз бір минут ішінде "ойыншық" шаншумен емделіп, "өз кішкентай дәрігеріңіздің" сенімді қолында бола алатындығыңызды көресіз.
  4. «Кішкентай аспаз». Ана немесе әке баланы әртүрлі тағамдарды дайындауға тарта алады. Бұл қызықты сабақты баламен бейнеге түсіріңіз. Әрине, нағыз аспаздық шедевр жасау үшін талант пен білімге ие болу керек! Ал бұл туралы дайындау барысында айтуға болады.
  5. «Кішкентай стилист». Бұл бағытта бала өзін сәнді стилист ретінде сезінуі керек. Оны жасауға көмектесіңіз. Шығармашылық нәтижелерін бейнематериалда көреміз.
  6. «Қалдықтан кіріске». Ересектер мен балалар кез-келген нәрседен, тіпті қалдықтардан бірегей заттар жасай алады. Балалармен фантазия жасаңыз. Нәтижелер таң қалдырады деп ойлаймыз.
  7. «Спорттық отбасы» Өз балаңызбен спортпен шұғылдануды бейнеге түсіріңіз. Ол салауатты өмір салты деген нені білдіретінін айтып, көрсету керек.
  8. «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл номинацияға әрбір қатысушы отбасы мұрағатынан қызықты фото көрсетіп, отбасы ұрпақтарының сабақтастығы туралы айтып беруі тиіс.

Бейне талаптары қандай? 

  • бейне сапасы жақсы, бөгде дыбыссыз және оң әсерлі болу қажет;
  • жазу барысында бейне субтитрлермен немесе дыбыстық сүйемелдеумен толтырылу қажет;
  • қосымша дыбыс және басқа әсерлер құпталады.

Бағалау критерийлері:

  • мазмұндылығы;
  • креативтілік;
  • отбасылық құндылықтарды көрсету.
Шарт бойынша қатысушылар өздерінің Инстаграм парақшасына видеоны @almatydaryny парақшасын белгілей отырып, #отбасылықкүндерім, #бізүйдеміз хештегімен жариялау қажет. Байқаудың қорытындысы инстаграм желісінде лайк жинау арқылы өтеді. Жеңімпаз отбасы I, II, III дәрежелі дипломдар,  сертификаттар және демеушілердің атынан сыйлықтарға ие болады.
27-04-2020, 15:01 / Байқаулар- Конкурсы

Пікірлеу

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

up