АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
Астананың 25 жылдығын мерекелеу аясында Алматы қаласының оқушылары елордада
Астана қаласында 2023 жылдың 30 маусым мен 4 шілде аралығында Елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік турына оқу үздіктері, республикалық зияткерлік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың, ғылыми және шығармашылық жобалар жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған 50 адамнан тұратын мектеп оқушыларының тобы қатысты.
29-06-2023
Халықаралық International Haileybury FIRST Championship чемпионаты
Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен Алматыда «USTEM Robotics» қорымен Haileybury Almaty халықаралық мектебінің базасында алғаш рет халықаралық International Haileybury FIRST Championship чемпионаты өткізілді.
29-06-2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен V Республикалық «Абайтану» олимпиадасы
Алматы қаласында 2023 жылдың 26-28 маусым аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен V Республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті.
26-06-2023
«Еl Umiti-2023» жазғы лагері
2023 жылғы 23-29 маусым аралығында «Елбасы медалі» бағдарламасы бойынша ең жоғарғы KPI көрсеткішіне ие және ең белсенді Алматы қаласының 7 оқушысы Ақмола облысының Бурабай кентінде «El Umiti» қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Еl Umiti-2023» жазғы лагеріне қатысуда.
24-06-2023
Алматы құрамасы «Ең үздік команда – 2023» атағын жеңіп алды
Алматы құрама командасының қоржыны жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық зерттеу жобалар конкурсында 51 медальмен толықты. Атап айтқанда, І- 15, ІІ - 20, ІІІ - 20. Жалпы командалық есепте І орынды иеленіп, «Ең үздік команда – 2023» атағын жеңіп алды.
17-06-2023
АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
2023 жылдың 11-17 маусым аралығында Өзбекстан Республикасының Хива қаласында әл-Бируни атындағы халықаралық химия олимпиадасы өтті.
15-06-2023
«Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудың өзекті мәселелері» I Халықаралық психологиялық форумы
2023 жылдың 15-16 маусым аралығында Астана қаласында «El Umiti» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудың өзекті мәселелері» I Халықаралық психологиялық форумына «Алматы Дарыны» орталығының қызметкерлері қатысуда.
13-06-2023
ЖАС МАТЕМАТИКТЕРДІҢ ЖЕҢІСІ
2023 жылғы 9-13 маусым аралығында Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика лицей-интернатының базасында 2-4 сынып оқушылары арасындағы XVI Республикалық «Бастау» математикалық турнирі өтті.
07-06-2023
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА КЕЗЕКТІ БАС ЖҮЛДЕ
Алматы қаласының Білім басқармасы дарынды балаларды тәрбиелеуге, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыруға үлкен мән беріп, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуына мүмкіндіктер ашуда.
01-06-2023
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды
01-06-2023
Алматыда БАЛАFEST-2023 өтті
1200-ден астам оқушы дарынды балаларға арналған фестивальдің жеңімпазы мен жүлдегері атанды. Биыл олар шығармашылық, спорттық, техникалық, әдеби және экологиялық номинацияларды қосқанда 7 бағыт бойынша байқауға қатысты.
30-05-2023
«Балалар әлемі» жобасы аясында Республикалық балалар оқулары байқау туралы АҚПАРАТ
Республикалық балалар оқулары байқауының ережесі байқаудың мақсатын, міндеттерін, оқу-танымдық базасын, ұйымдастыру кезеңдері мен шарттарын қарастырады.