Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны"
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және
қолдау жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Біз туралы / Орталық қызметінің бағыттары

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы»

Орталық туралы

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – бұл Алматы қаласындағы дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша білім беру саласында көшбасшылықты қамтамасыз ететін коммуналдық мемлекеттік мекеме.

Орталық Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №4/684 қаулысына сәйкес құрылды. 

Миссиясы - Алматы қаласындағы дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау, дамыту және оларға кәсіби қолдау көрсету.

Мақсаты - Алматы қаласындағы дарынды балалардың әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту және іске асырудың бірыңғай заманауи жүйесін құру.

Міндеттері:

1) Әр түрлі қызмет салаларында дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау жүйесін құру;

2) Дарынды балалармен және дарынды жастармен жұмыс жасаудың заманауи моделін іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру;

3) Дарынды балаларды, сондай-ақ білім берудегі жаңашыл педагогтарды, жас таланттармен жұмыс жасайтын инновациялық білім беру ұйымдарын қолдау;                                                                                        

4) Дарынды балалармен және дарынды жастармен жұмыс жасаудың жаңа білім беру бағдарламаларын, тиімді әдістерін, технологияларын әзірлеу және апробация жасау;

5) Дарынды балалар мен жастардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
Алматы қаласының әкімі
Жылқыбаева Ляззат Ауесханқызы
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы
Айтпаева Жанат Женисбекқызы
Директор
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2022 Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі