АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
2022 жылы 8-10 қыркүйек аралығында Алматы қаласының оқушылары робототехника бойынша ең ірі жарыстардың FIRST Global Challenge Ұлттық кезеңіне қатысты!
10-09-2022
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының қалалық кезеңі
ҚР Оқу-ағарту министірлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жоспары бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы 2022 жылы республикалық маңызы бар «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс 4 кезеңнен тұрады:
08-09-2022
Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңін өткізу туралы
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылғы 6 қыркүйегіндегі №1140/15-11-06 хатына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсын 15 қазанда (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
05-09-2022
«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңін өткізу туралы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022-2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық байқауының (әрі қарай – Байқау) қалалық кезеңін өткізеді.
05-09-2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының зерттеу тақырыптарын ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін almaty.daryny.kz сайтында тіркелуі керектігі туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының зерттеу тақырыптарын ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін almaty.daryny.kz сайтында тіркелуі керектігі туралы хабарлайды.
26-08-2022
Тамыз конференциясы
23-08-2022
3-10 сынып оқушылары арасында республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өткізілетінін хабарлайды
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылдың 5-15 қазан аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 3-10 сынып оқушылары арасында республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өткізілетінін хабарлайды.
22-08-2022
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында беделді халықаралық дүниежүзілік олимпиадалардың жеңімпаздарымен брифинг өтті
21-08-2022
«Qabilet» жобасы
🔰2022 жылдың 15-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Qabilet» жобасы қызметі арқылы жалпы білім беретін оқушылардың зияткерлік және жеке әлеуетін өлшеу бағдарламасы аясында 10-11 жастағы балалардың XXI ғасырдың «4К» бойынша дағдыларын дамыту: сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация және 7-9 жастағы балалардың когнитивтік, коммуникативтік қабілеттерін және эмоционалды интеллектісін диагностикалау әдістемесі жөнінде оқыту-бағдарламасы өтті.
17-08-2022
XXІІІ республикалық Абай оқулары
🔰2022 жылдың 14-17 тамыз күндері Абай облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXІІІ республикалық Абай оқулары өтті.
16-08-2022
Республикалық балалар оқулары байқауы
12-08-2022
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық «Абай оқулары»
14-17 тамыз күндері Абай облысы, Абай ауданы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында ХХІІІ республикалық «Абай оқулары» өтеді.