АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Booketition командасы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Республикалық Ғылыми-Педагогикалық Кітапханасының қолдауымен 2022 жылғы 15 ақпан мен 1 наурыз аралығында Алматы қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында оқу бойынша жарыс ұйымдастырады
25-02-2022
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің Тапсырмалары мен шешімдері
25-02-2022
9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің хаттамалары
18-02-2022
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында өткізілетін II республикалық «Абай әлемі» атты шығармашылық байқаудың қалалық кезеңін өткізу туралы БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында II республикалық «Абай әлемі» атты шығармашылық байқаудың қалалық кезеңін өткізеді. Байқау «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталық ұйымдастыруымен 25 ақпан күні оффлайн режимінде орталық базасында өтеді. Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы 597, «Алматы дарыны».
11-02-2022
«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
11-02-2022
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" республикалық олимпиадасы
07-02-2022
Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің қалалық кезеңі
31-01-2022
Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық кезеңі
❇️Алматы қаласы бойынша білім беру мекемелерінде 2022 жылы 29 қаңтар күні республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің аудандық кезеңі Zoom платформасында онлайн форматта өтті.
✅Аудандық кезеңге – 506 оқушы, олардың ішінде; қазақ тіліді лигада – 290 қатысушы, орыс тілді лигада – 270 оқушы қатысты.
❇️Аудандық кезеңнің жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі орынмен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезеңге – 96 оқушы, 48 фракция қатысады.
✳️Сонымен қатар қатысушылар арасында ерекше белсенділік танытқан оқушылар «Үздік шешен», «Үздік аналитик», «Үздік креативті ойыншы», номинацияларын иеленді.
📆Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің қалалық кезеңі 4 ақпан күні өтеді.
26-01-2022
Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің мектепшілік кезеңінің қорытындысы
❇️Алматы қаласы білім беру мекемелерінде 2022 жылы 25-26 қаңтар күндері республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің мектепшілік кезеңі Zoom платформасында онлайн форматта өтті.
▶️Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларын жауапкершілікті сезінуге, туған жері мен елінің мәселелерін шешуге және талқылауға, мектеп қабырғасындағы дебат қозғалысын қолдап және дамытуға тәрбиелеу.
✅Мектепшілік кезеңге – 2330 оқушы қатысты. Оның ішінде: қазақ тілді лигада – 1304, орыс тілді лигада – 1026 қатысушы.
🔰Мектепшілік кезеңде І орын алған 280 команда яғни жүлдегерлер аудандық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар қатысушылар арасында ерекше белсенділік танытқан оқушылар «Үздік шешен», «Үздік аналитик», «Үздік креативті ойыншы», номинацияларын иеленді.
🔹Аудандық кезең 29 қаңтар күні онлайн форматта өтеді.
🔹Қалалық кезең 4 ақпан күні өтеді.
21-01-2022
«Өзін-өзі басқару – оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамытуды жүзеге асырудың қажетті құралы» атты семинар-тренинг
Бүгін, 21 қаңтар күні Zoom платформасында «Мектеп Парламентінің» көшбасшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының координаторларына арналған «Өзін-өзі басқару – оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамытуды жүзеге асырудың қажетті құралы» атты семинар-тренинг онлайн форматта өтті.