Орталық туралы
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – бұл Алматы қаласындағы дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша білім беру саласында көшбасшылықты қамтамасыз ететін коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Орталық Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №4/684 қаулысына сәйкес құрылды.
Миссиясы - Алматы қаласындағы дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау, дамыту және оларға кәсіби қолдау көрсету.
Мақсаты - Алматы қаласындағы дарынды балалардың әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін анықтау, дамыту және іске асырудың бірыңғай заманауи жүйесін құру.
Міндеттері:
1) Әр түрлі қызмет салаларында дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау жүйесін құру;
2) Дарынды балалармен және дарынды жастармен жұмыс жасаудың заманауи моделін іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру;
3) Дарынды балаларды, сондай-ақ білім берудегі жаңашыл педагогтарды, жас таланттармен жұмыс жасайтын инновациялық білім беру ұйымдарын қолдау;
4) Дарынды балалармен және дарынды жастармен жұмыс жасаудың жаңа білім беру бағдарламаларын, тиімді әдістерін, технологияларын әзірлеу және апробация жасау;
5) Дарынды балалар мен жастардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету.