
2022 жылдың 24-30 наурыз аралығында 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтеді.

Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 24-25 наурыз күндері, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 28-29 наурыз күндері 2 кезеңде өтеді.

Пәндік олимпиадаға қалалық кезеңге 1278 оқушы жолдама алды.

Олимпиада «бір қатысушы-бір компьютер-бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы «Oqylyq» платформасында өткізіледі.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Олимпиада күні Youtube тікелей эфиріне сілтеме салынатын болады.

Олимпиада нәтижелері almaty.daryny.kz ресми сайтында жарияланады.
________________