🔹 Балалар жылына орай №62 гимназия базасында «Алматы БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында «Кітап-білім бұлағы» (көркем оқу) байқауы өтті.
🔸 Көркем оқу байқауы онлайн және оффлайн форматтарында өткізіліп, 6 бағыт бойынша бағаланды:
📕 1 бағыт – 5-7 жас; 8-11 жас санаттары бойынша «Біздің сыныптың ғажайып кітабы» (өткізу форматы – онлайн);
📗 2 бағыт – 12-17 жас санаты бойынша «Кадрда оқу» (өткізу форматы – онлайн);
📘 3 бағыт – 8-11 жас, 12-17 жас санаттары бойынша «Поэтикалық баттл»;
📙 4 бағыт – 5-7 жас, 8-11 жас, 12-17 жас санаттары бойынша «Театр өнері арқылы оқуға»;
📕 5 бағыт - 5-7 жас; 8-11 жас, 12-17 жас санаттары бойынша «Әдеби қолтырауын» ойыны;
📕 6 бағыт - 5-7 жас; 8-11 жас, 12-17 жас санатында «Менің сүйікті кітабым» акциясы (өткізу форматы – онлайн).
🔹 Шынайы әрі ашық сайыс ортасын құру үшін байқау үш кезеңде өткізілді: мектепішілік, аудандық және қалалық. Бүгінгі қалалық кезеңге жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, оза шапқан 87 оқушы қатысты.
🔸 Байқаудың әділқазылар мүшесінің құрамына Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қайраткерлері, ақын, сазгерлер, актерлар және жоғары оқу орындарының ғалымдары кірді.
💫 Жас ізденімпаз қатысушыларымызға алғыс білдіреміз!
Протокол конкурса Кітап-білім бұлағы