АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
Басты бет / Орталық жаңалықтары / Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
30-01-2023
🔰2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап республика бойынша бір уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі бастау алды.
✅Олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі:
- жаратылыстану-математикалық бағыт - математика, физика, химия, биология, географияI, информатика;
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
✳️Олимпиаданың екінші аудандық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізілетін болады. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді ауданның (қаланың) білім бөлімдері аудандық немесе қалалық деңгейде өткізеді.
💻Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілетін болады.
🔹Пәндік олимпиадаға Алматы қаласының 6656 оқушысы қатысады, аудандық кезең 15 тірек мектеп базасында өтеді.
📚Қатысушылардың жұмысын объективті тексеру үшін алғаш рет қалалық ұйымдастыру комитетінің шешімімен 120 қазылар алқасының төрағасы (халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын бірнеше рет дайындаған, доценттер, ғылым кандидаттары, ғылым профессорлары) сайланды.
✨Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша додаға түсетін барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!
РО аудандық кезеңінің тапсырмалары мен шешімдері
Қатысушылардың жұмысы
Хаттамалар
Басқа жаңалықтар
13-12-2025
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңі
03-12-2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиада аудандық кезеңі
03-12-2025
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің қатысушылары тізімі (жобаларды қорғау)
26-11-2025
Математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының іріктеу кезеңі
24-11-2025
8-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЛИНГВИСТИКА БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ІРІКТЕУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2025 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ