2023 жылдың 25 сәуірінде Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті.
Қалалық кезеңде әр ауданнан іріктелген 45 оқушы бақ сынасып, білім-білігін, ізденімпаздығын көрсетті.
Олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді. Оқушылар 1-кезеңде жазба жұмысын (эссе), 2-кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен теориялық сұрақтарға жауап беріп, сөздер мен сөйлемдерге түрлі талдаулар жасады.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша ШҚО Өскемен қаласында өтетін қорытынды кезеңде Алматы қаласының намысын іріктелген 16 оқушы қорғайды.
Тапсырма І тур
Тапсырма ІІ тур
Хаттама І тур
Хаттама ІІ тур
Қорытынды хаттама
Сертификаттар https://drive.google.com/drive/folders/1UckqSp3klnElIr_YRpuj6hntl-yXgOnJ