Өткізілетін мерзімі: 2024 жылғы 20 желтоқсан
Өткізілетін уақыты: сағат 08.00-15.00
Ұйымдастырушы: Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы.
2024 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалінің» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізеді.
Фестивальдің мақсаты: педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивальге директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім педагогтері, сынып жетекшілері, психологтер, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс істейтін орталықтың әдіскерлері қатыса алады.
Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, директорлардың орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс істейтін орталықтың қызметкерлері)
«Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері):
Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология);
Физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті);
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (тарих, құқық);
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (шет тілдері);
Ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;
Қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер);
«Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);
«Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім педагогтері);
«Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтер).
Фестивальде баяндама жасау түрі: TEDx форматында таратуға лайықты педагогикалық идеяны ұсыну (бағыттарға сәйкес).
Педагогикалық идеяны қорғау регламенті: 7 минуттан аспауы керек. Соңғы үш жылда қатысқан педагогтер Фестивальге жіберілмейді.
Қалалық кезеңге аудандық кезеңдердің жеңімпаздары әртүрлі бағыттар (пәндер) бойынша «Педагогикалық идеялар фестивалін» өткізу Ережесіне сәйкес қатысады.
Қалалық ұйымдастыру комитетіне ұсынылуы тиіс құжаттар (электрондық және қағаз нұсқада):
- Фестивальге қатысу туралы өтінім (аудандық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған);
- қазақ және орыс тілдерінде педагогикалық идеяның аннотациясы;
- Фестиваль материалдарының жинағына енгізу үшін педагогикалық идеяның тезистері.
Қатысушылардың жұмыстарын сараптау және бағалау жұмыстарын менеджмент, білім беру, оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар саласындағы білікті мамандардан тұратын қазылар алқасы жүргізеді.
Фестивальдің қалалық кезеңін ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді педагогикалық шеберлік бөлімі жүзеге асырады.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Фестивальдің қалалық кезеңінің жеңімпаздары 2025 жылдың 10-11 қаңтарында Сүлейман Демирел атындағы университет базасында (Алматы облысы) өтетін республикалық кезеңге қатысуға ұсынылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің жұмыстары Фестиваль жинағына енгізіледі.
Байланыс телефоны: 87024572222; Хайранова Гульжан Сарабайқызы.