І. Жалпы ережелері
Осы ережелер жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында өткізілетін республикалық «Ілияс Жансүгіров оқуларының» мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру, әдістемелік қызметін жүзеге асыру, байқауды өткізу мен қаржыландыру тәртібін, оқушылардың қатысуын және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін айқындайды.
1.1. Байқаудың ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балаларды, талантты жастарды анықтау, қолдау, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы.
1.2. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылар арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау.
1.3. Байқаудың міндеттері:
ІІ. Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қатысушылары
2.1. Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңіне аудандық кезеңнен жеңіп шыққан 8-11 сынып оқушылары қатысады.
2.2. Әр ауданнан әр номинация бойынша 1 (бір) оқушы, барлығы 5 (бес) үміткер ұсынылады.
Ескерту: алдыңғы республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының «Бас жүлде» иегерлері 2025 жылғы байқауға қатыса алмайды.
2.3. Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңіне аудандық білім бөлімі басшысының қолы қойылған сұраныстар а.ж. 11 сәуірге дейін dop.otdel@mail.ru электрондық поштасына қабылданады .
ІІІ. Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларын өткізу тәртібі
3.1. Ілияс Жансүгіров оқуларына қатысатын оқушы поэзияны сүйетін, талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, ақындық қабілеті бар болуы шарт.
Қатысушы жыр Құлагері атанған Ілиястың өмірбаянын, әр жанрдағы шығармаларын жақсы білуі тиіс және кез-келген өлеңін, прозалық, драмалық шығармаларын теориялық тұрғыдан да талдай білуі қажет. Сонымен бірге, талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек.
3.2. Ілияс Жансүгіров оқулары 5 (бес) бағыт бойынша өткізіледі.
Жұптар жеребе арқылы таңдалады, 2- 4 оқушыдан тұрады ( қазылар алқасы шешеді). Поэманы қай бөлімнен бастау және жалғастыру ретін қазылар алқасы таңдайды.Топтан үздік шыққан 1 қатысушы сайысты жалғастырады және оның келесі қарсыласын қазылар алқасы белгілейді.
Бағалау критерийлері:
Қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап, 90 минут ішінде 4 шумақтан кем емес өлең жазады (тақырыптар байқау кезінде беріледі). Жазған өлеңін қазылар алқасының алдында мәнерлеп оқиды.
Бағалау критерийлері:
- ерекше ұйқасы мен құрылымы (10 ұпай);
- өзіндік идеясы мен ой тереңдігі (10 ұпай);
- тақырыптың ашылуы (10 ұпай);
Қатысушы Ілияс Жансүгіровтің прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқиды (монолог диалог т.б.) Әр қатысушыға 5 -7 минут беріледі.
Бағалау критерийлері:
- көркем мәтінді оқу шеберлігі (10 ұпай);
- дауыс мәнері және тіл тазалығы(10 ұпай);
- көркем мәтінді таңдау талғамына (10 ұпай);
- сахна мәдениеті (10 ұпай).
4. «Сұлу сөздің сүлейі» - шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы.
Ескерту: қатысушының әдебиет теориясы бойынша дайындығы болу керек.
Бағалау критерийлері:
Буктрейлерлер І. Жансүгіровтің тек бір шығармасына арналу керек.
Ескерту:
- қатысушының өзін таныстыруы, жұмысына сипаттама беруі қажет емес, тек қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді;
- буктрейлер - кез келген еркін немесе көркем формадағы кітап туралы баяндайтын қысқа бейне. Бұл бейнематериалдардың мақсаты – кітапты (шығарманы) жарнамалау және кинотрейлерлерге тән көрнекі құралдарды пайдаланып, кітапқа назар аудара отырып, оқуды насихаттау.
IV. Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қалалық кезеңін
ұйымдастыру комитеті
4.1. Байқауды дайындау мен өткізу бойынша жұмысты координациялау және жүзеге асыру үшін қалалық ұйымдастыру комитеті құрылады.
4.2. Ұйымдастыру комитеті жыл сайын қорытынды кезеңін өткізілу мерзімі мен өтетін орнын анықтайды, қазылар алқасының құрамын, байқаудың қорытынды кезеңін өткізу бағдарламасын, қатысушы-топтардың тізімін бекітеді, қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
4.3. Байқауды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді, тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады, байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады, іс - шаралардың материалдарын баспасөзде жариялайды.
4.4. Байқауға ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Аппеляция қарастырылмайды.