АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Басты бет / Орталық жаңалықтары /
11-04-2025

2025 жылғы 9-11 сәуір аралығында Астана қаласында «Ғылымдағы балалар» жобасы аясында оқушыларға арналған ІІІ Халықаралық ғылыми форум өткізілді.

Ұйымдастырушы - Астана қаласы Білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы (ICSC).

Ғылыми форум «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында және Қазақстанның ғылым қызметкерлері күнін, Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеуге және Ғылыми-зерттеу негізіндегі ғылыми білім беруді енгізу (IBSE) туралы Астана декларациясына қол қойылғанына 10 жыл толуына арналған.


Оқушылар халықаралық дәрежедегі ғылыми жоба авторларының, Қытай, Пәкістан, Малайзия және Оңтүстік Кореяның шетел университеттері профессорларының, беделді шетелдік және ұлттық университеттердің студенттерінің, серіктес елдердің мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің лекциялары мен семинар-тренингтеріне қатысты.
Алматы қаласынан қатысқан оқушылар Форумда спикер ретінде сөз сөйлеп, өздерінің ғылыми жобаларымен таныстырды.
Сондай-ақ, мектеп оқушыларының қатысуымен Nazarbayev University, Coventry University және Astana Hub орталығына ғылыми тур ұйымдастырылды. Тур барысында оқушыларға зертханалар көрсетіліп, мастер-класстар жүргізілді.
Аталған форум жас ғалымдарға жаңа талпыныс сыйлады деген сенімдеміз!

Басқа жаңалықтар
31-05-2025
1 маусым – Балалар құқықтарын қорғаудың халықаралық күніне орай Алматыда балаларға арналған ауқымды қалалық фестиваль — «БАЛАFEST. JARYQ SKILL FEST» өтеді
29-05-2025
АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ПАВЛОДАРДА ӨТКЕН Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИС БОЛДЫ
22-05-2025
«Әбіш оқулары» республикалық байқауындағы алматылық оқушылардың жарқын жеңісі
21-05-2025
АЛМАТЫ ОҚУШЫЛАРЫ – БІЛІМДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН ЖҰЛДЫЗДАР!
20-05-2025
«Алматы БАЛAFEST – 2025» қалалық фестивалі аясында 1–11 сынып оқушылары арасында «Жасыл Алматы» байқауы өтті
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2025 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ