Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Алматы BALAFEST-2025» фестивалі өз жалғасын табуда!
Алматы қаласы Алатау ауданы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының базасында фестиваль аясында «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауының «Хореография» номинациясы бойынша қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың мақсаты — жас дарындардың кәсіби деңгейін арттыру, әлемдік хореография өнеріне қызығушылығын ояту және ұлттық мәдени мұраны дәріптеу.
Үш жас санаты бойынша 700-ден астам талантты оқушы түрлі жанрдағы би қойылымдарын ұсынып, өз шеберліктерін паш етті. Жас бишілердің сахнадағы өнері мен шабытқа толы шығармашылық әлеуеті көрермендерді тәнті етті.
Байқау нәтижесінде ерекше көзге түсіп, кәсіби шеберлігімен дараланған 200-ден астам өнерпаз жеңімпаздар қатарынан табылды.
Жас дарындарға шабыт, шығармашылық табыс және жаңа белестер тілейміз!
ХАТТАМА 1-4 сынып жас санаты
ХАТТАМА 5-8 сынып жас санаты
ХАТТАМА 9-11 сынып жас санаты