Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңі 2026 жылғы 10 қаңтарында өтетінін қуана хабарлайды!
Өтетін орны: №138 гимназия (мекен-жайы: Көктем-1 ықшам ауданы, 26а).
5–7 сынып оқушылары конкурсқа таңғы сағат 9:00-де, ал 2–4 сынып оқушылары сағат 13:00-де келуі қажет.
Қатысушылар төменде көрсетілген секциялар бойынша шақырылады:
қазақ тілі мен әдебиеті;
орыс тілі мен әдебиеті;
ағылшын тілі;
математика, қолданбалы математика;
физика, космос;
туризм және спорт;
тарих, өлкетану;
этномәдениеттану;
химия, биология;
медицина, психология, экология;
информатика, робототехника, STEM инженерия;
технология және өнер.
Қалалық кезеңге өткен оқушылардың толық тізімі almaty.daryny.kz сайтында жарияланады.
Әр қатысушы фотосуреті бар оқу орнынан анықтама, жеке куәлік/туу туралы куәлік және фото/видео түсірілімге келісімді алып келуі қажет.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Алматының жас ғалымдары, біз сіздерді күтеміз!
Зерде қалалық кезең
Ереже