АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Басты бет / Жаңалықтар / Орталық жаңалықтары / ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНДАРЫ
ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНДАРЫ
📍21-22 сәуір аралығында М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының базасында колледж студенттеріне арналған дебат турнирінің қалалық кезеңі өткізілді.
📍Американдық Парламенттік формат бойынша іріктеу кезеңі мен плейофф ойындарынан тұрған пікірсайыс турнирына қазақ тілді 22 фракция, орыс тілді лигада 16 фракция қатысты.
🗣Пікірсайыс турнирі барысында қатысушылар іріктеу кезеңдерінде үлкен белсенділік пен қызығушылық танытты, әсіресе плейофф кезеңінде қарастырылған қарарлар қызу талқыға түсіп, жағымды эмоциялар қалдырды.
🏆Төрешілер алқасының финал қорытындысы бойынша шешімінің негізінде қалалық кезеңде жүлделі орындарға ие болған орыс және қазақ лигалар арасындағы жеңімпаз және жүлдегер фракцияларды анықтады.

І орын қазақ тілді лига –«Big Bang» фракциясы, Рашидқызы Талшын - 2 курс, Кадыр Аяжан -  2 курс, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі.

І орын орыс тілді лига –«Back-end» фракциясы, Каримжан Ильхам - 1 курс, Агафонов Андрей - 2 курс, Инновационды техникалық колледж.

ІІ орын қазақ тілді лига – «Жігер» фракциясы, Жанәділ Нұрбах - 2 курс, Кенжебек Нұртілек - 2 курс, Алматы полиграфия колледжі.

ІІ орын орыс тілді лига «Политех» фракциясы, Алиев Кемаль - 3 курс, Альпинский Даниил - 3 курс, Алматы политехникалық колледжі.

ІІІ орын қазақ тілді лига –«Qadam» фракциясы, Қуанышұлы Мадияр – 2 курс, Отан Санжар – 2 курс, №1 Алматы мемлекеттік Қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі.

ІІІ орын орыс тілді лига –«120» фракциясы, Жолдыбай Алькен - 1 курс, Сабиров Бахтияр - 1 курс, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі.

Сонымен қатар, фракциялар келесі номинациялар бойынша марапатталды:

Қазақ тілді лига «Үздік талпыныс» – «Афродита», Адиятуллаева Ғазиза - 1 курс, Алпысхан Лимара - 1 курс, Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі.

Орыс тілді лига «Үздік талпыныс» - «Орёл»,  Мамедова Софья - 4 курс, Турсунжанова Сымбат - 4 курс, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі.

Қазақ тілді лига «Үздік аналитик» - «Парасат», Уксинбаева Лиза - 3 курс, Жумажан Әйгерім - 3 курс, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі.
Орыс тілді лига «Үздік аналитик» - «Феникс», Турлыбаева Амина - 2 курс, Куанышбаев Санжар - 2 курс, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжі.

Қазақ тілді лига «Үздік оратор» - «Аргумент», Ерланқызы Дина - 1 курс, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжі.

«Достық» фракциясы, Шарипова Райхан - 1 курс, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі.

Орыс тілді лига «Үздік оратор» - «Front-end», Джолдасбекова Аружан – 2 курс, Абдимелик Рустам - 4 курс, Инновациялық техникалық колледжі.

Қазақ тілді лига «Үздік кретив» - «Болашақ», Омаров Ернұр - 2 курс, Аслан Мади - 2 курс, Алматы технология және флористика колледжі.
Орыс тілді лига «Үздік кретив» - «Болашақ», Ермеков Алихан -  2 курс, Алматы технология және флористика колледжі.

«Great G.» фракциясы, Дарменов Тимур – 4 курс, Алматы автомеханика колледжі.

Пікірталас турнирінің барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.
 








Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
Алматы қаласының әкімі
Сайфеденов Сайран Тәпенұлы
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы
Каримгажы Гульнур Нурлановна
Директор
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2025 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ