АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Алматы қаласында «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері марапатталды.
Алматы қаласында «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері марапатталды.
2021 жылы 6 қазан күні Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында «Елбасы медалі» жобасының 15( он бес) «Қола медаль» деңгейінің иегерлері салтанатты түрде марапатталды.
Марапаттау рәсімінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жеңімпаздарға қола медальды табыстады.
Салтанатты марапаттау рәсіміне қалалық Білім басқармасының басшысы Ляззат Жылқыбаева және «Дарын» РҒПО-ның директоры Тимур Нуркешов, «Алматы дарыны» орталығының директоры Жанат Айтпаева қатысты.
«El Umiti» бастамасы аясында «Елбасы медалі» бағдарламасын ҚР Тұңғыш Президенті – «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры ұйымдастыруда. Алматы қаласы бойынша «Елбасы медалі» жобасының қызметін Қазақстан жастарының Конгресі мен «Алматы дарыны» орталығы бірлесіп жүзеге асыруда.
⚜️Жастарды кешенді дамытуға бағытталған жобаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.
Жалынды жастардың болашағы жарқын болсын!
Қатысушылар мен үміткерлерге сәттілік тілейміз!