АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Басты бет / Жаңалықтар / Орталық жаңалықтары / «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңін өткізу туралы
«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қалалық кезеңін өткізу туралы

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022-2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 2-7-сынып оқушыларына арналған  зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық байқауының (әрі қарай – Байқау) қалалық кезеңін өткізеді.

Байқаудың басты мақсаты -  балалардың танымдық қызығушылықтары және интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Байқауға 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция - орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;

3 секция - математика, информатика;

4 секция - физика, техника;

5 секция - медицина, психология;

6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7 секция - химия, биология;

8 секция - экология, валеология.

9 секция - робототехника

                 Байқаудың кезеңдері:

1)..бірінші кезең – мектепішілік,  2022 жылдың қыркүйек айының ІІІ-ші онкүндігі;

2)..екінші кезең – аудандық кезеңді  2022 жылдың 15 қазанына дейін;

3) үшінші кезең – қалалық 2 турдан өтеді (әрбір ауданнан қалалық кезеңге әрбір секция бойынша 4 үздік жұмыстан кем жіберілмеуі керек (2-4 сынып арасында 2 жұмыс, 5-7 сынып арасында 2 жұмыс).

- Қалалық кезеңге қатысуға әр аудан 1,2,3,4,5 формаларға сәйкес толтырылған құжаттарды, хаттаманың сканерленген нұсқасын, аудандық білім бөлімнің қолы қойылған сұранысты, байқауға қатысушы оқушының жұмысын (электронды нұсқасын) 20 қазанға дейін almatydaryny.zyatker@mail.ru поштасына жіберу тиіс;

- плагиатқа тексеру қараша айының І онкүндігі;

- жобаны қорғау – қараша айының ІІ онкүндігі.

Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.

«Зерде»

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
Алматы қаласының әкімі
Сайфеденов Сайран Тәпенұлы
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы
Каримгажы Гульнур Нурлановна
Директор
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2025 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ