Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Президенттік олимпиада төрт кезеңнен өтілетіні жөнінде хабарлайды.
Президенттік олимпиадаға республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатыса алады.
Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде келесі төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.
Президенттік олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:
- Бірінші кезең – аудандық – 2022 жылғы 8 қазанда сағ 11.00-де;
- Екінші кезең – өңірлік (қалалық) - 12 қазанда сағ 11:00 де;
- Үшінші кезең – іріктеу кезеңі – 26 қазан;
-Төртінші (қорытынды) кезең – республикалық 22-25 қараша аралығында.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша, қалалық кезеңге аудандық білім бөлімі басшысының қолы қойылған өтінім (хаттама, анализ есебі) және қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері қазаңның 10-не дейін almatydaryny.zyatker@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
Қалалық кезеңге квота бойынша әр ауданнан 20 қатысушы қабылданады (мамандандырылған білім беру ұйымдарын қосқанда).