2022 жылғы 11 қараша күні Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» «Мен – көшбасшымын!» білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетін өткізеді.
Слеттің мақсаты: азаматтық қоғамды дамытуда қоғамдық өзін-өзі басқару органдарын – мектеп және студенттік парламенттерді дамыту және нығайту, қарым-қатынас жасау және тәжірибе алмасу үшін алаң құру.
Слеттің жұмысы пленарлық отырыс және тақырыптық алаңдар нысанында төмендегі тақырыптар бойынша ұйымдастырылады.
1. «Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы – білім алушылардың демократиялық мәдениетін қалыптастыру құралы»;
2. «Оқушылардың өзін-өзі басқару нысаны. Өзін-өзі басқаруды дамытуға ықпал ететін шарттар».
3. «Балалар қозғалысы мен балалар бірлестіктері – жеке тұлғаны дамыту және әлеуметтендіру факторы».
4. «Балалар ұйымдары мен мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы: даму перспективалары».
Сондай-ақ шығармашылық зертханалар жұмысы ұйымдастырылады (тренинг, шығармашылық тапсырмалар, қызықты ойындар):
Слетке қатысушылар: мектеп және колледждер студенттік парламенттерінің көшбасшылары, парламент жұмысын үйлестірушілер (аудандық үйлестірушілер, колледж үйлестірушілері). Слетке қатысушылар саны 192.
Слет үш кезең бойынша өтеді:
Бірінші кезең – мектепішілік/колледжішілік 2022 жылғы 14 қазанда өтті, мектеп/колледж парламенті Президенттері, фракция мүшелері қатысты.
Екінші кезең – аудандық - 2022 жылғы 21 қазанда өтті, көшбасшылар қатысты (мектеп және колледждер студенттік парламенттерінің президенттері).
Үшінші кезең – қалалық – 2022 жылғы 11 қараша күні Алматы қаласы Оқушылар сарайының базасында өтеді (Достық д-лы, 124).
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша қалалық слетке әр ауданнан ең белсенді, креативті мектеп парламенттерінің көшбасшылары (президенттер) – 20 қатысушы, студенттік парламенттерінің көшбасшылары (президенттер) – 32 қатысушы, оның ішінде әр ауданнан 1 үйлестіруші және колледждерден 32 үйлестіруші жіберілді.
Слет барысында ел игілігіне бағытталған білім алушылардың әлеуметтік жобалары (табысты тәжірибе) презентацияларының көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ әрбір мектеп тәжірибе алмасу және жаңалықтарды меңгеру мақсатында оқу жылында өткізген ең жарқын жақсы істерінен стенд экспозициясын ұсынады.
Аталған жұмыс слет қатысушыларының жобаны қорғау нысанында өтеді.
Слет қорытындысы:
Слет жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылардың мектеп және студенттік парламенттерінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарын, инновациялық бастамаларын көрсететін резолюциясы әзірленетін болады.
Слеттің қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Мен – көшбасшымын!» білім беру ұйымдарының мектеп және студенттер парламенттері көшбасшыларының қалалық слетіне қатысу сұрақтары бойынша «Алматы дарыны» орталығының қосымша білім формасы және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бөліміне хабарласуға болады.
Тел.: 87781095557, Ермухамедова Жибек Елдесовна.