АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
Түрген ауылында өтіп жатқан ғылыми лагерьдің жабылу салтанаты кеші өтті. Лагерьдің жабылу кезеңінде оқушылар апта бойы үйренген білімдеріне сүйене отыра жоба қорғады. Лагерьдің жабылу салтанатына Алматы қаласы білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының директоры Каримгажы Гульнур Нурлановна оқушыларға сертификат табыстады. Оқушыларға өтілген мастер класстар бойынша «үздік хирург», «үздік травмотолог» сияқты номинациялар тағайындалды.
Ғылыми лагерь Алматы облысы, Түрген ауылында, Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі - Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында орналасқан «Денсаулық» шипажайында өтті.
Лагерьді ұйымдастырушы «International Centre of Scientific Collaborations» президенті Кусаинова Ляззат Абаевнаға алғысымызды білдіреміз.