АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық лингвистикалық олимпиада
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы еліміздің дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында 8-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық лингвистикалық олимпиадасы өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиада математика мен тілдер (қазақ, орыс, ағылшын тілі) бойынша білімі және логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған оқушылар арасында 3 кезеңде өткізіледі: 1-кезең (аудандық) – 27 қазан сағат 10.00-де, 2-кезең (қалалық) – 11 қараша, аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша, жоғары ұпай алған 4 оқушы қалалық кезеңге жіберіледі, 3-кезең (республикалық) – 22 қараша, республикалық кезеңге қалалық кезеңнен жоғары ұпай алған 2 оқушы жіберіледі.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Қалалық лингвистикалық олимпиаданың өткізілу ережелері төменде тіркелген құжатта көрсетілген: Лингвистикалық олимпиаданың ережесі