Әр ауданның мектептерінің базасында өткізілген жаратылыстану-математикалык бағыты бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі өз мәресіне жетті.
Математика, физика, химия, биология жене информатика пәндерінен жалпы 212 оқушы білімдерін сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 87 қатысушы жүлдегер атанды (1 орын – 15, 2 орын – 29, 3 орын – 43, грамота – 27 оқушы).
Қорытынды хаттамалармен almaty.daryny.kz ресми сайтында таныса аласыздар.
Білімділердің додасында озық болып танылған оқушылар қала намысын олимпиаданың республикалық кезеңінде қорғайтын болады.
Білім сайысында мектебі мен ұстаздарының артқан сенім биігінен көріне білген оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Қатысушылардың жұмысы
Хаттамалар
Сертификаттар