І. Жалпы ережелер
- Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» жыл сайын 2-7 сынып оқушыларының ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық «Зерде» байқауының қалалық кезеңін (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.
- Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
- Байқаудың негізгі міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
ІІ. Байқау қатысушылары
1. Байқауға жас зерттеушілер – 2-7 сынып оқушылары жеке және командалық (2 қатысушыдан көп емес) ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстарды (бұдан әрі – конкурстық жұмыстар) ұсынады.
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Байқауды дайындау мен өткізу бойынша жұмысты координациялау және жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
- Ұйымдастыру комитеті конкурстың қорытынды кезеңін дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, байқаудың қорытынды кезеңін өткізу бағдарламасын, қатысушы-командалардың тізімін бекітеді, Конкурстың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
3. Қазылар алқасының құрамы әр түрлі ғылым саласындағы мектептерден, колледждерден, жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы мұғалімдерінен құралады.
4. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
5. Байқау төрт кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – мектепішілік;
- екінші кезең – қалалық (қорғау);
- үшінші кезең – республикалық (плагиатқа тексеру);
- төртінші кезең – қорытынды, республикалық (қорғау);
6. Қалалық кезеңге әр ауданнан 4-тен аспайтын үздік жұмыс (2-4 сыныптар арасында 2, 5-7 сыныптар арасында 2) әр бөлім бойынша жіберіледі. Қалалық кезеңде байқау жұмыстары қорғалады, қатысушыларға қорғауға 10 минут уақыт беріледі.
7. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
8. Аппеляция қарастырылмайды.
ІV. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың рәсімделуіне қойылатын талаптар
- Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:
- секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
- секция - орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;
3 секция - математика, информатика;
4 секция - физика, техника;
- секция - медицина, психология;
- секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
- секция - химия, биология;
8 .секция - экология, валеология;
- секция - робототехника.
- Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болады. Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және жиегін қалдыру міндетті.
3. Әрбір конкурстық жұмыс жетекші рецензиясымен және маманның рецензиясымен қоса берілуі, таңдалған тақырыптың мақсаты мен пайдалылығы, автордың жұмысқа қосқан жеке үлесін, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсететін болуы керек. Конкурстық жұмыстың ресімделуіне ғылыми жетекшілер жауапты.
4. Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптары:
- жұмыс мәтіні компьютерде WORD, 14 әріп, 1,5 жоларалық, солдан шегініс 2см терілген болуы және мыналардан тұруы керек:
-
- титул парағы;
- мазмұны;
- түйіндеме (аннотация) – жұмыстың негізгі мазмұнын қазақ және орыс тілдерінде қысқаша баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты);
- кіріспе – жұмыстың өзектілігін көрсетеді және тақырыпты, оның мақсаты мен міндеттерін, өткізу орнын таңдауын негіздейді;
- негізгі бөлім – материалдар мен зерттеу әдістері; эксперименттік бөлім; жұмыстың қорытындысы мен оны талқылау;
- әдебиеттерге шолу жасау зерттеу мәселесі бойынша (отандық және шетелдік) әдеби мағұлматтарға қысқаша талдау жасап тұрады;
- қорытынды (тұжырымдамалар, ұсыныстар);
- қолданылған әдебиеттер тізімі.
- титул парағында мыналар көретіледі:
- жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты;
- орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, (қаласы) ауданы, облысы);
- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
5. Конкурстық жұмысты қорғау үшін қатысушылар көрнекі материалдарды, диаграммаларды, сызбаларды немесе макеттерді дайындауы керек.
V. Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау
- Байқау жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады:
- шығармашылық;
- ғылыми ойлау;
- тақырыптың ашылу дәрежесі;
- қолданылатын әдістердің тиімділігі;
- шешендік шеберлік, демонстрациялық материалды орындау сапасы.
- Жеңімпаздар әрбір секция бойынша екі жас тобы бойынша анықталады:
- 2-4 - сынып оқушылары;
- 5-7 - сынып оқушылары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Алматы Дарыны» I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.
VІ. Қаржыландыру
2-7 сынып оқушыларының «Зерде» ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық байқауының қалалық кезеңін қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.
2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық байқауының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қалалық кезеңін өткізу туралы ЕРЕЖЕ