АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
Басты бет / Жаңалықтар / Орталық жаңалықтары / «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізу туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізу туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ

Өтетін орны: Оқушылар сарайы

Өтетін уақыты: сағ. 09:00-18:00

 

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы бұл қатысушыларға Қазақстанда білім беруді дамытуды жақсартуға ықпал ете алатын өзінің бірегей идеясын таратуға мүмкіндік беретін алаң.

Олимпиада жас мамандарға тәжірибе алмасу, жаңа әдістемелерді қолдану және өзгерістерге дайын болу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, оларға өз қабілеттерін көрсету, жаңашыл идеяларды ұсыну және кәсіби қоғамдастықпен байланыс орнату үшін тамаша алаң.

Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, оның жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырады.

Олимпиаданың форматы TED стилінде сөйлеу – бұл қысқа уақыт ішінде тыңдаушыларға терең ой тастап, оларды жаңа идеялармен шабыттандырып, іс-әрекетке бағыттайтын қойылым. Мұнда әрбір қатысушы өз идеяларын тек ақпаратпен ғана емес, шабытпен, нақты әрекетке бағытталған кеңестермен бөліседі.

Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері ретінде ЖОО-ның, оқытушылары, мектептің алдыңғы қатарлы басшылары мен практик-педагогтары шақырылған.

Педагогикалық олимпиадаға аудандық кезеңнің жеңімпаздары: еңбек өтілі 5 жылдан аспаған педагогтар, психологтар, тәлімгерлер қатыса алады. Күтілетін қатысушылар саны 70-ке жуық.

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Педагогикалық олимпиаданың Ережесі және тапсырмалары «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында орналасқан.

 

Қосымша ақпарат үшін:

Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 597, «Алматы дарыны» орталығы. Телефон: +7 (727) 255-83-05.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы
Алматы қаласының әкімі
Каримгажы Гульнур Нурлановна
Директор
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2026 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ