Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі ағымдағы жылы 19-21 желтоқсан аралығында өтеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.
Олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі:
•жаратылыстану-математикалық бағыт - математика, физика, химия, биология, география, информатика;
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізілетін болады. Екінші (аудандық) кезеңді ауданның білім бөлімдері аудандық деңгейде өткізеді.
Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі 19 желтоқсанда жаратылыстану-математикалық бағыты (апелляция 20 желтоқсан), 20 желтоқсан қоғамдық-гуманитарлық бағыты (апелляция 21 желтоқсан) бойынша өтеді.
ХАТТАМАЛАР
Тапсырмалар мен шешімдер
Тапсырмалар мен шешімдер
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ
Хаттама