АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
Басты бет / Орталық жаңалықтары / 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ) КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ) КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
18-12-2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі ағымдағы жылы 19-21 желтоқсан аралығында өтеді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.

Олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі:

•жаратылыстану-математикалық бағыт - математика, физика, химия, биология, география, информатика;
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.

Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізілетін болады. Екінші (аудандық) кезеңді ауданның білім бөлімдері аудандық деңгейде өткізеді.

Олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі 19 желтоқсанда жаратылыстану-математикалық бағыты (апелляция 20 желтоқсан), 20 желтоқсан қоғамдық-гуманитарлық бағыты (апелляция 21 желтоқсан) бойынша өтеді.

ХАТТАМАЛАР

Тапсырмалар мен шешімдер

Тапсырмалар мен шешімдер

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ
Хаттама
Басқа жаңалықтар
10-09-2025
«Махамбет оқулары»
09-09-2025
Эссе байқауы «Алматы – әсем қала»
20-08-2025
АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ГЕОГРАФИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ
20-08-2025
АЛМАТЫ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА!
20-08-2025
«АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СИМПОЗИУМДА
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2025 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ