АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Басты бет / Жаңалықтар / Орталық жаңалықтары / Республикалық ғылыми жобалар конкурсының зерттеу тақырыптарын ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін almaty.daryny.kz сайтында тіркелуі керектігі туралы хабарлайды. 
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының зерттеу тақырыптарын ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін almaty.daryny.kz сайтында тіркелуі керектігі туралы хабарлайды. 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының зерттеу тақырыптарын ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін http://test.daryny.kz/ru/science/ сайтында тіркелуі керектігі туралы хабарлайды. 

РҒЖК-ға 4 бағыт бойынша 16 секцияда қатысады:

I бағыт – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: «Физика»; «Техника»; «Жер және Ғарыш туралы ғылым».

II бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу», секциялар: «Математика»; «Қолданбалы математика»; «Экономика»; «Информатика».

III бағыт – «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: «Химия»; «Биология»; «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы».

IV бағыт – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: «Тарих»; «Адам және қоғам»; «Өлкетану»; «Әдебиет»; «Этномәдениеттану»; «Тіл білімі».

Жалпы білім беретін пәндер бойынша РҒЖК өткізу уақыты мен тәртібі қосымша хабарланатын болады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Досаев Ерболат Асқарбекұлы
Алматы қаласының әкімі
Сайфеденов Сайран Тәпенұлы
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысы
Каримгажы Гульнур Нурлановна
Директор
8 (727) 255-83-05
Алматы, Бостандық ауданы, Сейфуллин даңғылы, 597
© 2025 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ, ҚОЛДАУ, КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ