Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының зерттеу тақырыптарын ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін http://test.daryny.kz/ru/science/ сайтында тіркелуі керектігі туралы хабарлайды.
РҒЖК-ға 4 бағыт бойынша 16 секцияда қатысады:
I бағыт – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», секциялар: «Физика»; «Техника»; «Жер және Ғарыш туралы ғылым».
II бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу», секциялар: «Математика»; «Қолданбалы математика»; «Экономика»; «Информатика».
III бағыт – «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», секциялар: «Химия»; «Биология»; «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы».
IV бағыт – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар», секциялар: «Тарих»; «Адам және қоғам»; «Өлкетану»; «Әдебиет»; «Этномәдениеттану»; «Тіл білімі».
Жалпы білім беретін пәндер бойынша РҒЖК өткізу уақыты мен тәртібі қосымша хабарланатын болады.